Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Президент түркі елдерінің министрлерімен кездесті

Ішкі істер министрлері Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Президент түркі елдерінің ынтымақтастығы жылдан жылға нығайып келе жатқанына айрықша тоқталды. Қазір түрлі қауіп-қатер көбейіп, әлемдегі ахуал күрделене түскен тұста мемлекеттердің өзара тығыз байланыста болуы маңызды екенін де айтты. Кездесуде республикамыздағы саяси және құқық қорғау саласындағы өзгерістер де сөз болды. Мемлекет басшысы тарихы мен тамыры ортақ түркі халықтарының достығы берік болып, ортақ мүдде жолындағы серіктестік одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

← Все новости