Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Жеке куәлікпен ел аралауға жол ашылады

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлері бас қосты. Жиында ортақ қауіпсіздік пен өзара ынтымақтастықты күшейту мәселелері сөз болды. Тараптар трансұлттық ұйымдасқан топтар, терроризм мен есірткі айналымы, заңсыз көші-қон, құмар ойындар сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Сала басшылары тәжірибе алмасып, бірлескен жұмысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған бірқатар ұсыныстарын да ортаға салды.

МҰСТАФА ЧИФТЧИ, ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Мен осы құрылтайшылық келісім негізінде Интерпол мен Еуропол секілді «Türkpol» атты құрылым құру туралы ұсыныс жасадым. Бұл ұсынысқа Қазақстан тарапы, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанның ішкі істер министрлері оң көзқарас білдірді. Болашақта «Türkpol» құрылымының құрылуы қылмыс пен қылмыскерлерге, әсіресе трансұлттық қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығымыз бен өзара іс-қимылымызды одан әрі күшейтеді деп сенемін.

Айтпақшы, бауырлас елдер арасында төлқұжатсыз, тек жеке куәлікпен еркін саяхаттау мүмкіндігіне жол ашылмақ. Қазіргі таңда осы мәселені жүзеге асыру жұмыстары пысықталып жатыр. Мақсат – туризм мен сауданы жандандырып, халықтар арасындағы байланысты одан әрі нығайту. Аталған жоба 29-30 қазанда Анкарада өтетін түркі елдері басшыларының саммитінде талқыланбақ.

← Все новости