Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 20 просмотров

Француз ғалымы «Алтын Орда» жайлы еңбек жазды

«Алтын Орда» тақырыбы еуропалық ғалымдарды да қызықтырады. Француз тарихшысы Мари Фавероның дала империясы жайлы қалам тартуы осының айғағы. Бес жыл бұрын жарық көрген туынды таяуда қазақ тіліне тәржімаланған еді. Күні кеше бас қалада тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартты. Автор бұл еңбегінде қарт құрлықтағы мұрағаттарды ақтарып, көшпенділер мәдениетіне қатысты тың ақпараттарды топтастырған.

МАРИ ФАВЕРО, КІТАПТЫҢ АВТОРЫ:

Бұл француз ғалымының көзқарасы бойынша жазылған кітап. Мұнда Еуропадағы көптеген архивтер, көптеген карталарға қарап отырып, дереккөздерді зерттей отырып жаздым. Сол дереккөздерге қазақстандық әріптестерімнің қолы жетпеуі мүмкін. Сондықтан барынша зерттелмеген тұстарына мән беріп, қызықты мәліметтерді жинауға тырыстым.

Автор бұл тақырыпқа студент кезінде қызығушылық танытқанын айтады. Осылайша, өзі оқығысы келген еңбекті жазуға 20 жылын сарп етіпті. «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті?» деп аталатын іргелі еңбек белгілі баспагер Раиса Сайран Қадырдың бастамасымен жарық көрген.

РАИСА САЙРАН ҚАДЫР, БАСПАГЕР:

2021 жылы шыққаннан кейін әлемдегі үздік кітаптардың қатарына кірген. Сонымен қатар 15-тей тілге аударылған. Қазақ тіліне биыл «Алтын Орда» конференциясы аясында таныстырып, біз аударып шығардық.

← Все новости