Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

Президент Жолдауын қашан жариялайды?

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы осы айда болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды үндеуді қазанда жариялайтынын мәлімдеді. Бүгін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпаздары мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы елдегі ауқымды реформалар мен ұлт тарихындағы бетбұрыстарға тоқталды. Таяуда Құрылтай сайлауы өтіп, заң шығарушы орган кәсіби әрі іскер азаматтардан жасақталды. Бұдан бөлек, Вице-Президент тағайындалып, жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті, – деді Тоқаев.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Көп ұзамай Қазақстан халқы кеңесінің құрамы бекітіледі. Құрылтайдың келісімімен Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалады. Осылайша еліміздің негізгі мемлекеттік институттары толық жаңғыртылады. Бұл да ауқымды реформаларымыздың өте маңызды бөлігі. Ал қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдау жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын.

← Все новости