Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 16 просмотров

Тағы бір бұғазға қауіп төнді

Таяу Шығыста тағы бір қақтығыс. Йеменнің оңтүстік-батысында хуситтер мен үкімет күштері арасында соғыс оты қайта тұтанды. Салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын қаза тауып, кемінде 46 мың адам босып кеткен. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, текетірестен кейін Тегеран жақтайтын хуситтер Қызыл теңіздің маңызды қақпасы — Перим аралына жетті. Осылайша, үкімет әскерлері Баб-әл-Мандеб бұғазындағы әскери базасынан шегінуге мәжбүр болған. Бұл жер Азия мен Еуропаны байланыстыратын басты су жолдарының бірі саналады. Аралды бақылау арқылы аймаққа кіріп-шығатын кемелердің қозғалысына ықпал етуге болады. Бұғаз хуситтердің қолына өтсе, бұл мұнай бағасына әсер етіп, жаһандық сауда жүйесіне ауыр соққы болмақ. Алайда хуситтердің өздері Перимді басып алғанын әзірге мәлімдеген жоқ.

← Все новости