Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 18 просмотров

Астанада 7 бірдей әлем чемпионаты өтеді

Алдағы жылы Астана ауқымды додалардың орталығына айналғалы тұр.

2027 жылы елордада жеті бірдей жаһан біріншілігі жалауын көтермек. Бұл жаңалықты Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде жеткізді. Салтанатты басқосуда Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласындағы жетістіктерге айрықша тоқталды. Осы орайда Үкімет пен құзырлы министрліктің жұмысын оң бағалап, алдымызда ауқымды міндет тұрғанын тілге тиек етті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Елімізде түрлі халықаралық додалар өткізілуде. Биыл Астанада дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияны ұштастырған бірегей жарыс – «Болашақ ойындары» сәтті өтті. Келесі жылы елорда төрінде жеті бірдей әлем чемпионаты жалауын көтереді. Өте ауқымды жұмысты атқаруымыз керек, бірақ мұның бәрі – еліміздің абыройы мен беделіне өте қажетті халықаралық іс-шаралар. Ал 2029 жылы Алматыда X Қысқы Азия ойындары өтеді. Осы маңызды шаралардың бәрін сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру қажет.

← Все новости