Таиланд билігі ертеңнен бастап бірқатар мемлекеттің азаматтары үшін визасыз жүру мерзімін 60-тан 30 күнге дейін қысқартады. Ол елдердің арасында Қазақстан да бар.
ТАИЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ЕЛШІЛІГІ ТАРАТҚАН РЕСМИ ХАБАРЛАМАДАН:
Келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Таиланд аумағында елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады, бұл ретте әрбір 180 күндік кезең ішінде болудың жиынтық мерзімі 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі осы елге жолға шыққалы отырған отандастарымызды Таиланд корольдігі енгізген жаңашылдықты ескеруге шақырады. Ол жақта 30 күннен астам уақыт боламыз дейтін азаматтар тиісті визаны алдын ала рәсімдеуі керек.