Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Күйік асуында апаттық тұйық салынды

Жамбылдың жолдары қырлы жерлерден төмен түсіп, жазыққа ұласатындықтан, арасында қауіпті учаскелер де кездеседі. Әсіресе, Күйік асуымен жүру жүк көліктері үшін қиын. Асу тым биік болғандықтан, көп темір тұлпардың тежегішіне салмақ түсіп, ақау пайда болып жатады. Осыны ескерген «ҚазАвтоЖол» автодәліз бойындағы қыратқа апаттық тұйық жол салды. Ол үшін жоталарды жарып, 47 метр биіктікте машинаның екпінін бәсеңдетуге арналған арнайы шағал төседі. Енді қыста тайып, тежегіші істен шыққандар жол жиегіне түсіп, қауіпсіз тоқтай алады. Мамандар бұл шешім трассадағы қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді дейді.

ЕЛАМАН ТҰРСЫНБЕК, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл апаттық тұйықтың негізгі мақсаты — жол бойындағы ауыр жүк көліктерінің тежегіші істен шыққан уақытта бұрылып, осы жаққа төтенше тоқтауға арналған. Бізге ең маңызды нәрсе — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Дәурен Доғдырбай

← Все новости