Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 16 просмотров

Төрт елдің сарбаздары бір полигонда жаттығып жатыр

Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында төрт елдің әскери қызметшілері бірлесіп жаттығу өткізіп жатыр.

Елімізде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының «Шеп-2026» оқу-жаттығуы басталды. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан мың бес жүзге жуық сарбаз келген. Әскерилер төтенше жағдай кезінде бірлесіп әрекет ету және ортақ міндеттерді орындау тәсілдерін пысықтауда. Жаттығуға 300-ден астам әскери техника мен қару-жарақ, оның ішінде 115 дрон тартылған. Оқу-жаттығу 18 қыркүйекке дейін жалғасады.

АСҚАР ЖОЛАМАНОВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ БАС ШТАБЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлемдегі жағдай әлі де тұрақсыз. Сондықтан біз өз елдерімізге ғана емес, бүкіл әлемге төнуі мүмкін түрлі қауіп-қатерге дайын болуымыз керек. Сол себепті мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау аясында әскерилердің бірлескен дайындығына және қажет болған жағдайда бірлесіп әрекет етуіне ерекше көңіл бөліп отырмыз.

Рамазан Палмағанбет

← Все новости