Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 16 просмотров

Үстел теннисінен Президент кубогы үшін жарыс басталды

Бүгін елордада үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы басталады.

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа әлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысады. Ал ел намысын Nomad Table Tennis Academy сапында өнер көрсететін жаһандық деңгейдегі ойыншылар қорғайды. Сайыстың басты жүлдесі – 300 мың АҚШ доллары. Турнир 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

СЕРІК ЖАРАСБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екінші рет өткізілсе де, мұның бір ерекшелігі бар. Былтыр алғаш рет халықаралық кестеге ресми түрде ITTF федерациясымен бірлесіп келісілген болатын. Сондықтан ол Қазақстандағы үстел теннисінің дамуына үлкен әсерін тигізіп, үлесін қосады деп сенеміз.

Рамазан Палмағанбет

← Все новости