Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 10 просмотров

Көпқабатты үйден 63 адам шығарылды

Түркістанда 12 қабатты тұрғын үй өртке оранып, халықтың зәресін алды. Шақырту түсісімен жедел жеткен құтқарушылар 63 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады, оның 12-сі бала. Мамандар келгенде баспананың сыртқы қаптамасын шарпыған тілсіз жау жоғары өршіп бара жатыпты. Ал будақтаған қою қара түтін пәтерлер мен подъездерге кіріп, жұрттың тынысын тарылтқан. Төтенше жағдай қызметкерлері шапшаң қимылдап, қызыл жалынды көп ұзамай сөндірді. Болжам бойынша от электр тоғынан тұтанған көрінеді.

← Все новости