Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

Корейлер Президентке құрмет көрсетті

Корея Республикасында Қасым-Жомарт Тоқаевқа айрықша құрмет көрсетілді. Президент резиденциясының қарсы алдында Мемлекет басшысын корей халқының ұлттық киімін киген салтанатты топ қарсы алды. Бұл — елдің тарихы мен мәдениетіне деген құрметін, мәртебелі қонаққа деген шынайы ілтипатын аңғартады. Қызыл кілемде қол алысқан Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мён алдымен бір-біріне делегация өкілдерін таныстырды. Біздегідей Құрмет қарауылының бастығының рапортынан соң екі елдің әнұраны әуеледі. Салтанатты рәсімнен кейін көшбасшылар келіссөз үстеліне жайғасты. Шағын құрамдағы басқосуда Қасым-Жомарт Тоқаев сан саладағы серіктестіктің бүгінгі жай-күйі мен келешегін жоғары бағалады. Өйткені осы сапар аясында да ауқымды жобалар мақұлданыпты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екіжақты қарым-қатынасқа тоқталсақ, сапар барысында 19 миллиард долларды құрайтын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Корей инвесторларының жұмысына көңіліміз толады, алдағы уақытта да осы бағыттағы байланыстарды жалғастырамыз. Қонақүй, мұнай өңдеу зауытын салу және қала құрылысы бойынша жақсы жоспарларымыз бар. Әсіресе, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ден қоямыз.

 

← Все новости