Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Миллиондар айналады

Енді мобильді аударымдардың сомасы миллион теңгеге дейін өсуі мүмкін. Отандық банктер төлем жүйесіндегі бір операцияның шекті мөлшерін екі есеге ұлғайтуды көздеп отыр. Яғни бір банктен екіншісіне қаржы аудару 500 мың теңгеден көбейеді. Ұлттық төлем корпорациясының басқарма төрағасы Бинұр Жәленовтың сөзінше, қаулы қазанда қабылдануы мүмкін. Мұның барлығы «бірыңғай QR» деп аталатын жаңа төлем жүйесінің нәтижесінде жүзеге аспақ. Қазір жаңа жоба талқыға тасталған. Алайда миллион теңге деген шектеу тек бір транзакцияға қатысты. Сондай-ақ банктер ішкі қатерге байланысты аударымдарға өз шектеуін қалдыра алады. Бұдан бөлек, пайдаланушылардың өздері де мобильді банк қосымшасында шекті мөлшер белгілей алады.

← Все новости