Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 10 просмотров

Алаяқтар қандастарға жармасып жатыр

Алаяқтар енді бәрін қойып қандастарға көшті. Көрші елдерден ата жұртқа ат басын бұрып, жаңа өмір бастайын деп келген ағайынның аңғалдығын пайдаланып, «құжатыңды тез жасап беремін», «қазақ тілінің тестінен кедергісіз өткіземін» деп алдап-сулап, қалталарын қағып жатыр. Қысқасы, біреудің несібесіне көз сұғып отырған пысықайлар көбейіп кеткен. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Көші-қон комитеті дабыл қағып, ресми ескерту жасады. Құжат рәсімдеудің барлығы заңда белгіленген тәртіппен ғана жүргізіледі деді. Сондықтан мамандар жұртты шаруаның майын тамызып беремін дегендерден сақ болуға шақырады.

← Все новости