Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Мемлекеттік субсидияны жеке басына жұмсаған

Малды асылдандыруға алынған субсидияны жеке басына жұмсаған. Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттен берілген 103 миллион теңгені жымқырған екеу ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, алаяқтар ақша алу үшін ресми түрде 4 жеке кәсіпкерлік нысанын тіркеген. Электрондық цифрлық қолтаңбалар, мөрлер және банк шоттарын басқаруға құқық беретін нотариалды сенімхаттар арқылы ақша аударымдарын бақылауда ұстаған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Кәсіпкерлік нысандары арқылы ақпараттық жүйелерге ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу мен асылдандыру жұмыстарының жүргізілгені туралы жалған мәліметтер енгізілген, субсидия алуға электрондық өтінімдер берілген. Салдарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға арналған бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалған.

Күдіктілердің бірі қамауға алынса, екіншісі кепілмен үйқамақта. Сондай-ақ, олардың мүлкіне де тыйым салынды. Олардың арасында 2 тұрғын үй, 4 автокөлік, автотұрақ орны және жер телімі бар.

← Все новости