Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Егін ерте қаржыландырылады

Елімізде 1 қазаннан егіс науқанына қаржыландыру басталады. «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы аграрийлер жылдық ставкасы 5 пайыздық мөлшерлемемен несие рәсімдейді. Қаражатқа тұқым мен тыңайтқыш сатып алып, техниканы жөндеуге және басқа да қажетті шығындарды өтеуге болады. Бағдарламаға деген сұраныс та артып келеді. Былтыр шаруаларға 501 миллиард теңге берілсе, биыл тоғыз айдың өзінде бұл көрсеткіш 664 миллиардтан асты. Қаржыны банктерден, кредиттік серіктестіктерден, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан және «Аграрлық несие корпорациясының» филиалдарынан алуға болады.

← Все новости