Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 23 просмотра

Жолда бәле іздеген алаяқ ұсталды

Біреудің обалына қалып, жоқ жерден ақша жасағысы келетін бәлеқорлар бар. Ақтөбеде жас жігіт жол-көлік оқиғасын ойдан шығарып, жүргізушілерді алдап келген. Әккінің айласы қарапайым. Машина жақындай қалса болды, жолға шыға сап, аяғын таптап кеткендей кейіп танытып, жанұшыра айқайға басады екен. Сасқалақтаған тізгінші не болғанын түсініп үлгергенше, өзін жарақаттандым деп көрсетіп, ақша талап еткен. Осы қулығын ол бір емес, екі рет қайталап, абдырап қалғандардың қалтасын қаққан. Бір жағдайда – 250 мың теңге, екіншісінде – 200 мыңды салып алыпты. Алайда қулығы ұзаққа бармады. Құйтырқы әрекетіне күмәнданғандардың бірі полицияға шағымданған. Тәртіп сақшысы камераларды қараған кезде оның қулығы әшкереленіпті. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

← Все новости