Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 22 просмотра

Непалдағы апат: із-түзсіз кеткен 3 жерлесіміз әлі табылған жоқ

Непалдағы жойқын апаттан кейін жоғалған отандастарымыз әлі іздестіріліп жатыр. Апат аймағында хабар-ошарсыз кеткен үш қазақстандық әйел жайлы әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Сыртқы істер министрлігі олардың біздің елден барған туристер екенін растады. Ведомствоның ресми өкілі Жанболат Үсеновтың айтуынша, дипломаттарымыз бұл күнде Непал және Қытайдың құзырлы органдарымен тұрақты байланыс орнатқан. Ал іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр екен. Айта кетейін, 26 тамызда Непал мен Қытай шекарасында болған алапат су тасқыны салдарынан 1 400-дей адам қаза тапты. Ал хабар-ошарсыз кеткендер саны 5 170-тен астам, оның ішінде 580-дейі шетелдік туристер.

ЖАНБОЛАТ ҮСЕНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда Қытай мен Непал шекарасында хабар-ошарсыз үш азаматшамыз іздестіріліп жатыр. Өкінішке қарай, әзірге оларға қатысты ешқандай жаңалық жоқ. Біздің дипломаттарымыз жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмысын жалғастырып жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары да тоқтаған жоқ. Сондай-ақ олардың отбасыларымен тұрақты байланыс орнаттық.

← Все новости