Қазақстан Халық кеңесінің қызметіне бөлінетін қаржының көлемі жарияланды. Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, жаңа органның жұмысына бюджеттен 1,7 млрд теңге қарастырылып отыр. Ол бұл жайлы Құрылтайдың қарауына келіп түскен 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің жобасын талқылау барысында айтты. Еске салайық, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнына келген Халық кеңесінің құрамында 126 адам болады. Ол елдегі жалпыұлттық диалогты жүргізетін консультативтік орган.