Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 10 просмотров

Ұл балаларға екпе салынады

Адам папилломасына қарсы екпе енді ұл балаларға да салынады. Жаңа бағдарлама алдағы жылы елдің төрт өңірінде пилоттық режимде жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы бүгін республикалық бюджет жобасының таныстырылымында мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцина 11 жастағы жеткіншектерге арналған. Ол өкпе обырын ерте анықтауға бағытталған скринингтің жаңа түрі. Елімізде мұндай вакцина 2025 жылдан бері қыз балаларға да салынуда. Сондай-ақ, вице-министр өз сөзінде алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетте денсаулық сақтау саласына 2,5 триллион теңге қарастырылғанын атап өтті.

← Все новости