Алматылық тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қатаң ескерту жасады. Қалада жыл басынан бері екі мыңға жуық жол апаты тіркелген. Соның салдарынан екі мыңнан астам адам жарақаттанып, жиырма төрт тұрғын қаза тапты. Қазір мегаполисте «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Инспекторлар жол бермеген жүргізушілерді анықтап, әкімшілік жауапқа тартуда. Сонымен қатар, мамандар оқушыларға жарық шағылыстырғыш элементтер тарата бастады. Бұл құрылғы қараңғыда балалардың қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізбек.