Маңғыстау облысында көлік түйеге соғылып, соның салдарынан төрт адам қаза тапты. Түрлі жарақат алған тағы төрт жолаушы ауруханада жатыр. Полицияның мәліметінше, Жетібайдан Шетпеге бет алған темір тұлпардың жүргізушісі жолға шығып кеткен жануарды қағып өтіп, содан соң қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан. Қазір тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, түйенің иесін іздеп жатыр.
ТАЙМАН АҢШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ РОТАСЫНЫҢ КОМАНДИРІ:
Toyota Camry 50 автокөлігі Жетібай бағытында келе жатып, жолдың жиегіне шығып кеткен түйе малымен соқтығысып, қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry 70 автокөлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Нәтижесінде 2 автокөліктің жүргізушісі, екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.