Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 19 просмотров

Жаңа туған сәби шлюзден өлі табылды

Жарық дүниеге келмей жатып қатыгездіктің құрбаны болды. Тараздағы «Киров» базарының артындағы су арнасынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Су бетінде қалқып жүрген шақалақты сол маңда ойнап жүрген бала байқап қалып, қатты шошыған. Есін жиып, өз-өзіне келген соң атасына айтыпты. Ол кісі бозарып, сұп-сұр күйде жатқан шақалақты балық аулайтын аумен судан алып шығып, бірден құзырлы органдарға хабар берген. Әзірге сәбидің өлі немесе тірі туғаны белгісіз. Полицейлер оның анасын іздеп жатыр.

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 100-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Полиция қызметкерлерімен анасының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толыққанды және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жалғасуда.

← Все новости