Ресейдің тынысын тарылтамын! Теріскейдегі көршімізге Дональд Трамп «тозақ» санкциясын енгізу туралы заңға қол қойды. Республикалық сенатор Линдси Грэмнің есімі берілген құжат Мәскеуге шектеулер енгізіп қана қоймай, баж салығын көтеруді көздейді. Сондай-ақ Ресейдің энергиялық ресурстарын тұтынып отырған ірі мемлекеттерге де бұның салқыны тимей қоймайтын сияқты. Заң жобасын кеше Конгрестің төменгі палатасы мақұлдады. Бұдан былай Америка Ресейден тікелей импортталатын тауарлардың тариф құнын бірден 500% көтереді. Сондай-ақ Мәскеуден энергиялық ресурс сатып алатын ірі 5 мемлекетке 100% қымбаттатуды жоспарлап отыр. Санкциялар пакеті Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктеріне, мемлекеттік құрылымдар, банктер, ірі кәсіпкерлерге, көлеңкелі флоттың танкерлеріне де бірқатар шектеу қояды.