Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Астанаға Сырдың 600 тонна өнімі келді

Қызылорданың қара қарбызы мен Атыраудың балығын сағынғандар көп екен. Өткен демалыс күндері астаналықтар мұнайлы өлке мен Сыр өңірінің өніміне қоржынын толтырып қайтты. Қызылорданың өзінен 600 тоннадан астам азық-түлік нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен сатылған. Қаланың шетінде өткен жәрмеңкеге келген халықтың қарасы көп. Ауыл дәмін сағынған жандар да таңертеңнен барыпты. Туған жерінің күрішін аңсағандар да осында жүр.

ЕРЖАН ЖҮСІПОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ауылымыздың күрішін сағынамыз, іздейміз сол. Сосын ауылдың қауын-қарбызы дегендей. Қызылорданың дәм-тұзын көрейік деп.

ЖАМИХАН ҚАЛИҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Адам деген керемет көп. Таңертең мен 8 болмай келдім. Машинаға орын болмай қалады ғой деп ертерек келсек, адамдар қаптап кеткен. Сауда жақсы жүріп жатыр. Осындай бағада келіп тұрса.

Қызылорда облысы әкімдігінің дерегінше, жәрмеңкеге қатысуға ниет білдірген өндірушілердің саны жыл санап өсіп жатыр екен. Мысалы, биылдың өзінде 100-ден астам серіктес елордаға келген.

ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қызылорда болғаннан кейін негізгі өнімдеріміз ол күріш. 230 тоннадай күріш өнімдері келді. Мал шаруашылығы өнімдері бар, 30 тоннадай ет өнімдері және балық өнімдері бар. Аралдың балығы, тұзы. Ортадағы делдалдарды көбейтпей, алқаптан сөреге дейміз ғой. Сол мақсатта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тауары тұтынушыларға тікелей жетуі үшін осы шара ұйымдастырылып келеді.

← Все новости