Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 2 просмотра

Полиция ата-аналарға шұғыл мәлімдеме жасады

Мектеп жасындағы балалар мен студенттердің жүріс-тұрысына мән беру керек. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. Себебі елімізде есірткі қылмысына қатысы бар 69 жасөспірім ұсталған. Оның 17-сі қыз бала. Күдіктілер аса ірі мөлшерде тыйым салынған затты сақтап, оны жарнамалаған. Жаңа оқу жылы басталғалы тәртіп сақшылары алдын алу шараларын күшейтіп, мектептер мен колледждерде 16 мыңнан астам кездесу өткізді. Мамандар баланың ақшасы күрт көбейіп, қымбат заттар сатып алса, дереу дабыл қағу керек дейді.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Жасөспірімнің араласатын ортасына, бос уақытын қалай өткізетініне, әлеуметтік желілерде кімдердің аккаунттарына тіркелгеніне, мессенджерлерде кімдермен байланыс орнатқанына ерекше назар аудару қажет. Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық 16 жастан басталатынын еске салады. Балалардың құқықтық тәрбиесіне белсенді қатысуға шақырамыз.

← Все новости