Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Қызылсуатта не болып жатыр?

Астананың айналасында тағы бір ауыл көмір жағудың бейнетінен құтылды. Қызылсуат ауылына газ тартылды. Тұрғындар үшін жеңілдіктер де қарастырылған.

Елорданың іргесіндегі Қызылсуат ауылында бүгін той. Елді мекенге газ келді. Отын тасып, күл шығарудың бейнетінен құтыламыз деген халықтың қуанышында шек жоқ. Қонақ келсе шабылып бір қалатын қызылсуаттықтарды облыс орталығынан келген шенеуніктер тағы бір қуантып кетті. Көгілдір отынды үй-үйге тарту кезінде жеңілдіктер болады екен.

ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Халықты қолдауға бағытталған нақты шаралар бекітілген. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтарға тұтылған газ көлеміне 20 пайызға дейін жеңілдік беріледі. Ал табыс күнкөріс деңгейі төмен отбасыларға үйін газға қосуға 70 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген.

Қуаныштан төбесі көкке жеткен Исматовтар отбасы бұл күнді 20 жыл күткен. Үй иелерінің айтуынша, енді қариялар пеш жағып қиналмайды.

МҰХАММЕДИЯР ИСМАТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қызылсуатқа біздің көшіп келгенімізге негізі осы жерге 20 жыл болды. 20 жылдан бері осы көгілдір отын келеді деп армандамаған едік, осыған да жеттік бүгінгі күн. Бір жыл, екі жылдың ішінде газ келді ғой. Айтқан уақыттан, уақытынан, мерзімінен бұрын берді газды, оған да рақмет.

Мердігер компания Астананың айналасындағы ауылдарды газбен толықтай қамтып келе жатыр екен.

ЕРЖАН БАЛАБЕКОВ, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ АСТАНА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұның ішінде айтып кетсек болады, Қызылсуат елді мекені екі тараптан құрылған. Бүгінгі таңда бірінші тарап елді мекенге газ берілді. Ол 4 газ реттегіш пунктілерімен 32 шақырымға жуық газ құбыры салынды. Дегенмен 730 тұрғын үйге газ берілді. Шамамен 3000-ға жуық тұрғын көгілдір газға қол жеткізді.

Өңірдегі газдандыру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта Ақмола облысының өзге де елді мекендері кезең-кезеңімен көгілдір отынға қосылмақ. Бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

← Все новости