Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Энергетиктер айналаны күл-қоқыстан тазартты

Петропавлда энергетиктер қала маңын тазалауды әдетке айналдыра бастады. Олар арнайы сенбілікті күтпей-ақ, әр бейсенбі сайын өздері жұмыс істейтін екінші жылу электр орталығының айналасын жинайды екен. Экология акциясына қатысушылар әсіресе өзендердің жан-жағы жиі толып қалатынын айтады. Сондықтан табиғатты көздің қарашығындай сақтауды сөзбен емес, іспен дәлелдеуге көшкен. Нәтижесінде олар ай сайын 5 тоннаға жуық қалдықты қала шетіндегі полигондарға тасиды. Кейде қайта өңдейтін зауыттарға апарады.

АННА КИСИЛЕВА, ЕКІНШІ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:

Қазір осы су каналының айналасындағы қоқыстарды, қураған ағаштарды тазалауға шықтық. Біз жұмыс істейтін жер стратегиялық нысан болғандықтан, бұл жерден бу бөлінеді, көмір қалдықтары ұшады. Ол басқа ғимараттарға барып қонады. Одан кейін қоқысты қалай болса солай тастайтындар да бар. Сондықтан апта сайын акцияға қатысып тұрамыз. Әр адам табиғатқа жауапкершілікпен қараса екен дейміз. Оны болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек.

Айта кетейін, бұл бастамаға 70-ке жуық қызметкер білек сыбана кіріскен. Әрі экоакция «Таза Қазақстан» жобасы мен жылу электр орталығының 65 жылдығына орай ұйымдастырылған.

← Все новости