Шетелдік нөмірлі қымбат көлігімен құйғытып, ойқастап жүргендер ұсталды. Алматыда қомақты көлемде айыппұлы өтелмеген 20-дан астам темір тұлпарға тұсау салынды. Олардың көбі өзге елде есепте тұрған. Мәселен, Қырғызстанда тіркелген BMW көлігінің иесі 1 миллион 700 мың теңгеден астам берешегін төлемепті. Дегенмен тәртіп бұзып, айыбын өтеуден жалтарып жүргендердің арасында мемлекеттік нөмірлі машиналар да бар. Тәртіп сақшылары көліктерді жолдағы камералар мен ақпараттық жүйелер арқылы анықтапты. Оларды бірден айып тұрағына аттандырған.