Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Президент: тіл – саясиландыратын мәселе емес

Тіл – саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесуде айтты. Ақордада өткен жүздесуде Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтың гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса маңызды екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы жан-жақты талқыланды. Осы ретте Президент бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Бірлестікке мүше елдердің мүддесіне теңдей қараудың маңыздылығына назар аударды. Өз кезегінде бас хатшы қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы жоспарлары туралы айтып өтті.

← Все новости