Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Қазақстанның сыртқы қарызы 8,4 трлн теңге

Қаржы таппай қиналған уақытта біздің Үкімет сырттан қарыз алған екен. Бүгінде оның жалпы көлемі 8,4 триллион теңге. Бұл туралы Құрылтайда өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары айтты. Серік Жұманғариннің сөзінше, жалпы сыртқы борышты ортақ өнімге шаққанда 4,5 пайыз болады. Яғни халықаралық деңгеймен салыстырғанда бұл өте төмен көрсеткіш екен. Соңғы жүргізілген дерекке көз жүгіртсек, мемлекеттің өзге елдер алдындағы берешегі 20 пайызға дейін азайыпты. Осы тұста Жұманғарин алынған қарыздың бәрі бақылауда деді.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

1 шілдедегі жағдай бойынша Үкіметтің қарызы жалпы ішкі өнімге шаққанда 20 пайызды құрайды. Біздің индикатор бойынша бұл 32 проценттен аспауы керек. Сол себепті де жағдай тұрақты.

← Все новости