Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы отырысы өтті

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының мүшелерін жинады. Бүгін дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған ұйымның алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтас қарау керегін баса айтты. Өйткені кеңес әлемдік ахуал сан құбылып тұрған шақта сараланған шешім қабылдайтын орталыққа айналуы тиіс. Сондай-ақ сын-қатерлердің сипатын ескеріп, киберқауіпсіздікке баса мән беруді тапсырды. Ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне де ерекше тоқталды.

← Все новости