Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Қала мен ауылды бөлуге болмайды

Дала қазағы, қала қазағы деп бөлуді доғару керек. Мемлекет басшысы кей жазушыларға ескерту жасады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, «урбанизация» атты жаһандық үрдіс кезеңінде қала мәдениетін дәріптеуіміз керек. Ауыл – халқымыздың алтын бесігі болса, алып шаһарлар – өркениеттің ошағы. Таразының табағы секілді екеуін теңгеріп ұстамаса болмайды. Алайда қаламгерлердің кейбірі жер астынан жік шығарып жүр екен. Сол себепті Президент Мәдениет және ақпарат министрлігіне арнайы тапсырма берген. Қазір «Қала» тақырыбына қатысты әдеби сайыстар жиілепті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Кейбір жазушылар қалада тұрып жатқан жастарды екіге бөлетін болды: біріншісі – қалаларда тұрып жатқан «асфальт қазағы» немесе «шала қазақ», екіншісі – нағыз ауыл қазақтары. Бұл – дұрыс емес. Қазіргі таңда қалаларда өмір сүріп жатқан жастарымыз қазақ мектептерінде қазақ тілінде сапалы білім алуда. Сондықтан біртұтас халқымызды екіге бөлуді доғаруымыз керек. Мұндай әрекетті жасаудың ешқандай қажеті де, оған ешкімнің хақы да жоқ.

← Все новости