Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Маңғыстауда облыс пен қала басшылығы ауысты

Қайғылы жағдай болған осы Маңғыстау өңірінде бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Жаңа тағайындауларға сәйкес, алдымен облыс басшылығы жаңарды. Атап айтқанда, Ербол Ізбергенов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына кіріссе, Бекбол Орынбасаров облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ал шаһар басшылығындағы өзгерістер нәтижесінде Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі, ал Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының басшысы қызметіне бекітілді.

← Все новости