Қарағандыда бір топ адам интернет-казиноның табысын қолма-қол ақшаға айналдырып, әбден байыған. Қалай десеңіз, олар әуелі құмар ойыннан түскен қаражатты қабылдау үшін 23 адамның банк шотын пайдаланған. Түскен соманы операторлар түрлі есепшоттарға аударып, қаржының ізін жасырыпты. Кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырып, шетелге шығаруға әзірлеген. Бұл операциялардың барлығы жалдамалы кеңседе тәулік бойы жүргізіліпті. Сөйтіп, қулығына құрық бойламайтындар 415 миллион теңгеден астам пайда көрген. Алайда олардың бұл әрекеті ұзаққа бармай, құқық қорғау органдарының назарына ілігіп, ақыры әшкереленді.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Екі күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді. Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде жеке тұрғын үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.