Доллар салымшылары үшін жағымды жаңалық!
Елімізде шетелдік валютадағы депозиттердің табысы артпақ. 1 қазаннан бастап мерзімі бір жылдан асатын валюталық салымдардың шекті мөлшерлемесі екі жарым пайызға дейін көтеріледі. Осыған дейін небәрі бір пайыз болатын. Алайда бұл барлық екінші деңгейлі банктер сыйақыны бірден өсіреді деген сөз емес. Әр қаржы ұйымы нақты пайыз көлемін өзі белгілейді. Ереже келесі айдан бастап жаңадан ашылатын немесе мерзімі ұзартылатын депозиттерге ғана қатысты. Ал оған дейін ашылған валюталық салымдардың мөлшерлемесі бұрынғыша — бір пайыз деңгейінде қала береді.
Рамазан Палмағанбет