Перейти к содержимому
· 16 просмотров

Қазақ-герман серіктестігінің жаңа белесі

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Берлинде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің тамырына қан жүгіртер маңызды келіссөздер өтеді. Қазақстан басшысы осы елдің президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және канцлер Фридрих Мерцпен жүздесіп, ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін айқындайды. Бұдан бөлек, Германияның маңдайалды компаниялары, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездеседі. Берлиндегі бизнес-форум мен Мюнхендегі технологиялық бизнес-форумда инвестиция, ғылым мен инновация бағытындағы әріптестіктің өрісін кеңейту көзделіп отыр.

← Все новости