Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Цифрлық серпін мен логистикалық көпір

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапарының алғашқы күні осы мемлекеттің іскерлік қауымдастығы мен қаржы институттарының өкілдерімен кездесті. Жиында екі ел арасындағы экономикалық байланысты жаңа сатыға көтеру мәселесі талқыланды. Соның ішінде цифрлық инновация мен жасанды интеллект саласындағы серіктестікке басымдық берілді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз германиялық компанияларды өз әлеуетін деректер өңдеу орталығына, энергия тиімділігіне қатысты технологияларға, «бұлтты» инфрақұрылым және киберқауіпсіздік салаларына жұмылдыруға шақырамыз. Тағы бір перспективті бағыт – қаржы технологиялары.

Ынтымақтастықтың тағы бір саласы – су ресурстарын зерттеу мен тиімді басқару. Осы саладағы 300 компанияны біріктіріп отырған German Water Partnership Қазақстанда су сапасын өлшейтін зертхана ашып, содан соң қазақ-герман су технологиясы хабын құруды жоспарлап отыр.

БОРИС ГРАЙФЕНЕДЕР, GERMAN WATER PARTNERSHIP БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Біз 300 мүшесі бар бизнес-қауымдастықпыз. Бірлесіп суға қатысты зертхана салғымыз келеді, су сапасын қалай өлшеу керектігін және бұл зертхананы жабдықтағымыз келеді. Екінші кезең қазақ-герман су технологиясы хабы болады, оның аясында біз технологиялар трансферімен жұмыс істейміз. Германияның Экономика министрлігі мен Қазақстанның Индустрия министрлігі арасында жол картасы болады және біз бірлесіп бұл зертхананы іске асырамыз.

Көлік-логистика саласында Транскаспий халықаралық бағытын дамыту және Ақтау портында мультимодальды хаб салу мәселесі қаралды. Rhenus Group жобаны іске асыруға қатысуға ниетті. Ал Қазақстан даму банкінің өнеркәсіп, энергетика және көлік инфрақұрылымы жобаларына неміс қаржы институттарынан 1,2 миллиард доллар тартылған. Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлардың құқығын қорғап, стратегиялық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

← Все новости