Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Армияны реформалауды жұртшылық қолдайды

«Қазақ әскеріне реформа керек пе?» деген сауалға көпшілік «иә» деп жауап беріпті. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізген онлайн-сауалнамаға қатысқандардың 85,7 пайызы Президенттің бастамасын оң бағалаған. Жауап бергендер Қорғаныс министрлігінің ашықтығы мен есептілігін арттыру, командалық құрамды жаңарту және оның кәсіби деңгейін көтеру, қорғаныс саласындағы жемқорлықпен күресті күшейтуді қолдайтындарын айтқан. Сонымен қатар 25,3 проценті сарбаздардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайын жақсартуды маңызды деп санайды. Қару-жарақ пен әскери техниканы жаңартуды 20,7 пайызы, жаңа технологияларды, оның ішінде цифрлық шешімдерді енгізуді 20,4 пайызы жақтаған. Осылайша бұл сауалнама халық қорғаныс саласынан не күтетінін айдан анық көрсетіп берді.

← Все новости