Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Мал шаруашылығына бөлінген қаржы қолды болған

Елімізде мал шаруашылығын дамытамыз деп қазынадан қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ қомақты ақша талан-таражға түсіп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Қызылорда облысында саладағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 311 миллион теңгенің жымқырылғаны анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, 2021 жылы аты дардай «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жанынан еншілес ұйым құрылған. Осы арқылы Сыр өңірінің мамандары төрт түлік шаруашылығын дамытып, аудан тұрғындарын етпен жарылқамақ болған. Алайда ең соңында қаржы кәсіпкерлердің қалтасында кеткен. Артылған соманың бір бөлігін пысықайлар өз шотына аударып алыпты.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу дерегінше, мал сатып алынғаннан кейін ЖШС басшысы қаражаттың бір бөлігін шығарудың сызбасын ұйымдастырған. Жалпы сомасы 60 млн теңге күдіктінің бақылауындағы «Нұрай» жеке кәсіпкерлігі мен «Абылайхан» жеке кәсіпкерлігі шоттарына заңсыз аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдікті қамауға алынды. Соттың санкциясымен оның меншігіндегі екі автокөлікке тыйым салынды.

← Все новости