Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Блогер Жанәбілов қамалды

Блогер Ерболат Жанәбілов қамалды. Желі жұлдызы жұбайымен болған жанжалдан кейін уақытша ұстау изоляторына жеткізіліпті. Әлеуметтік желіде әйелі Эльмира Төлегенованың видеосы тарады. Онда келіншек өзінің киім бөлмесінде жолдасынан қорыққанынан тығылып отырғанын айтып, шағымданған еді. Тіпті күйеуі телефонын тартып алып, әулетімен қысым көрсеткен көрінеді. Сөзінің соңында денесінің қызара бөрткенін айтып, араша сұраған.

ЭЛЬМИРА ТӨЛЕГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Вот. Я закрылась, сижу в гардеробе. У меня здесь есть второй телефон, на котором осталось 5 процентов. Он здесь пытается сюда вломиться вместе со своими родными, братьями, братишками, которые манипулируют мной, которые переживают, что я могу выложить в сети какие-то вещи касательно их семьи и прочее.

Алайда зәбір көрдім деген келіншек арыз жазудан бас тартқан. Жолдасының өзіне қол көтермегенін, қазір екеуінің ажырасқалы жүргенін айтыпты. Дегенмен оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары Жанәбіловке әкімшілік хаттама толтырған. Артынша бірден бөлімшеге алып кеткен. Сондай-ақ оның бұған дейін пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны анықталыпты. Еске салайық, сәуірде блогер екі жылға шартты түрде сотталған еді.

← Все новости