Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Халық саны қаншаға жетті?

Қазақстан халқы қаншаға жетті? Ұлттық статистика бюросы 1 қыркүйектегі деректі жариялады. Оған сәйкес, қазақстандықтардың саны 20 миллион 618 мың 796 адамға жеткен. Оның 13 миллион 236 мыңнан астамы қалада, қалғаны ауылда тіршілік кешуде. Халық саны бойынша Алматы шаһары мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Олардың әрқайсында 2 миллионнан аса адам бар. Ал Астанада тұрғындарының саны жаңа межеден асып, 1 миллион 700 мыңға жеткен. Осылайша айналдырған бір айдың ішінде шамамен 10 мыңға көбейіпті. Миллионерлердің қатарына Алматы облысы мен шырайлы Шымкент, Жамбыл облысы мен Қарағанды өңірі кіреді. Мұнда 1 миллионнан көп азамат өмір сүреді.

Қазақстанның халық саны – 20 618 796 адам. 13 236 041 адам қалада тұрады, 7 382 755 адам ауылда тұрады. Алматыда 2 387 896 адам, Түркістан облысында 2 142 709 адам, Астанада 1 700 385 адам, Алматы облысында 1 615 631 адам, Шымкентте 1 316 888 адам, Жамбыл облысында 1 210 084 адам, Қарағанды облысында 1 130 123 адам тұрады.

← Все новости