Перейти к содержимому
· 15 просмотров

Оман сұлтанына қандай құрмет көрсетілді?

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды. Хайсам бен Тариқ Әл Саид кеше кешкісін Елордаға мемлекеттік сапармен келіп еді. Араб түбегінен Астанаға ат басын тіреген мәртебелі мейманға Президент ерекше ықыласын білдірді. Мемлекет басшылары алдымен бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып, артынша қос елдің әнұраны шырқалды. Жылы жүздесуде Оман Сұлтаны да Мемлекеттік тудың тұсына келгенде басын иіп, өз құрметін көрсетті. Содан соң екеуара келіссөз өрбіді. Әңгіме барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылады.

← Все новости