Перейти к содержимому
· 22 просмотра

Халық кеңесіндегі маңызды шешім

Қазақстан Халық кеңесінде маңызды шешім қабылданды. Төрт бірдей салалық комиссияның жаңа жетекшілері бекітілді. Елдің мәдениеті мен азаматтық бірегейлігін дамыту бағытын енді Рауан Кенжеханұлы қолға алса, жалпыұлттық бірлік мәселесіне Наринэ Микаелян жауап береді. Спорт пен әскери-патриоттық тәрбие комиссиясының тізгіні Ислам Байрамұқовқа тапсырылса, құқықтық мәдениет пен медиация бағытын Мәди Мырзағараев үйлестіреді. Сондай-ақ басқосуда комитеттің 2026-2027 жылдарға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, сараптамалық кездесулер мен қоғамдық талқылаулар өткізу мәселесі пысықталды.

ОЛЬГА СПИРИНА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Комитетке кірген комиссияларды бөлді. Жалпы, біздің комитетімізде 4 комиссия болатын болды. Мәдениет пен азаматтық бірегейлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірдім. Соның ішінде тіл мәселесі де бар. Негізі менің бағытым — тіл мәселесі. Бізге айтты, қандай ұсыныс болса да, бізге айтыңдар. Барлығын талқылаймыз, қараймыз деді.

← Все новости