Перейти к содержимому
· 16 просмотров

Депутат Қорғаныс министрінің орынбасары болды

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Тиісті құжатқа Президент қол қойды. Ал депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Құрметті Татьяна Михайловна, депутаттар атынан сіздің бірлескен жұмысыңызға алғыс айтамыз. Заң шығару қызметіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалап, зор ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы жұмысыңызға толағай табыс тілеп, жаңа биіктер мен үлкен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз.

Ал Савельеваға дейін Қорғаныс министрінің орынбасары болған Әскер Бейсенов қызметінен босатылды.

← Все новости