Перейти к содержимому
· 88 просмотров

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үн қатты

Ресейдің Иркутск облысындағы зертхана қызметкерінің өліміне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы назар аударды. Бірнеше күннен бері әлемдік басылымдар жер-жаһанға қауіпті індет таралуы мүмкін деп жарыса жазып жатыр. Осыған байланысты ұйымның басшысы Тедрос Гебрейесус шұғыл мәлімдеме жасады. Эфиопиялық дипломаттың сөзінше, өкпенің қауіпті обыры туралы алыпқашпа әңгіме өткен жұмада БАҚ беттерінде тарала бастапты. Ал халықаралық қауымдастықтың сұрауына Ресей тарапы да бірден жауап берген көрінеді. Көрші елдің мамандары Иркутск облысында кесел жұқтырғандар анықталмағанын, марқұммен байланыста болған 200 адамның карантинге жатқызылғанын растады. Ал жаһандағы эпидахуалға алаңдаған халықаралық қауымдастық бұл күрделі мәселе бойынша Ресейге техникалық және биологиялық жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Енді ұйым өкілдері Ресейден марқұмнан алынған толық сынамалардың қорытындысын сұратып отыр.

ТЕДРОС АДХАНОМ ГЕБРЕЙЕСУС, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресей мамандарынан марқұмнан және онымен байланыста болған азаматтардан алынған сынамалар нәтижесі мен зертханалық тексерулердің қорытындысын сұратты. Сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау бойынша қабылданған шараларға қатысты нақты деректер қажет. Бұдан бөлек, БАҚ таратқан өкпе қабынуымен ауруханаға түскен екінші науқас туралы ақпараттың рас-өтірігін де тексеру үшін Ресейге сұрау салдық.

← Все новости