Перейти к содержимому
· 36 просмотров

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті. Мемлекет басшысы қонақжайлығы үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынастың нығая түскенін атап өтті. Әңгіме барысында энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен көлік салаларындағы бірлескен жобалар сөз болды. Сондай-ақ бұған дейінгі уағдаластықтардың орындалуы, мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыру және алдағы ортақ жоспарлар талқыланды.

← Все новости