Перейти к содержимому
· 16 просмотров

Бельгия королі және патшайымы балаларды оңалту орталығына барды

Бельгия Королі Филипп пен Патшайымы Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары жалғасып жатыр. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды. Жоғары мәртебелі қонақтарға ерекше қажеттіліктері бар балаларды емдеудің заманауи әдістері таныстырылды. Оның ішінде роботтандырылған технологиялар да бар. Корольдік жұп кішкентай пациенттермен, олардың ата-аналарымен және медицина мамандарымен тілдесті.

Бұл орталықта церебралды сал ауруы, аутизм спектрінің бұзылысы және басқа да психоневрологиялық дерттері бар балаларға кешенді көмек көрсетіледі. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен келген 5 мыңнан астам бала оңалтудан өтеді. Король Филипп пен Патшайым Матильда «Құрметті қонақтар» кітабына естелік жазба қалдырды. Ал бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен жоғары мәртебелі қонақтар Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысады.

← Все новости