Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Такси құнын негізсіз қымбаттатқан

Көп асқанға бір тосқан. Такси қызметінің тарифін аспандатқан inDrive сервисі ақыры сөгіс алып тынды. 11 қазанда басты бәсекелесі «Яндекс Go» уақытша істен шыққан еді. Сол кезде көлік іздеп сабылған жұрт жапатармағай inDrive-ге жүгінген. Ал пысықайлар болса, ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, бағаны 3 есе қымбаттатып жіберіпті. Қысылтаяң сәтте жол жүру құнын шамадан тыс өсірген компанияға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ескерту жолдады. Ведомство тұтынушылардың құқықтарын шектейтін әрекеттерге жол берілмейтінін хабарлады.

ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ:

Халықаралық тәжірибеде төтенше жағдайлар мен өзге де күтпеген мән-жайлар кезінде тарифтердің күрт өсуін тежеу тетіктері қолданылады. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабына сәйкес, тұтынушылардың айқындалмаған тобының заңды құқықтарына нұқсан келтіретін нарық субъектілерінің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері болуы мүмкін. Осыған байланысты Агенттік мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы жазбаша алдын ала ескерту жолдады.

← Все новости