Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді. Енді емтиханнан сүрінгендер бұрынғыдай апталап, айлап күтуге мәжбүр болмайды. Ішкі істер министрлігі сынақ тапсыру ережесіне бірқатар өзгеріс әзірледі. Жаңа талапқа сай, алғашқы кезең сәтсіз болса, келесі жұмыс күні қайта тапсыруға мүмкіндік бар. Екінші рет те жолыңыз болмаса, дайындыққа 10 күн беріледі. Ал үшінші мүмкіндіктен құр қалғандар үшін одан кейінгісі ақылы болады. Тағы бір жаңалық: теориядан сүрінбей өтіп, практикалық сынақтан құлағандардың алғашқы нәтижесі жойылмайды, өз күшінде қалады. Ал шетелдік жүргізуші куәлігін отандық құжатқа ауыстыру тәртібі, керісінше, айтарлықтай қатаңдатылды.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шетелдік жүргізуші куәлігін Қазақстан куәлігіне ауыстыру үшін алдымен теориялық емтиханды тапсыру қажет. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігіне жауапты уәкілетті орган куәлікті берген елге ресми сұрау жібереді. Ол елдің құзыретті органы куәліктің түпнұсқа екенін растағаннан кейін ғана куәлік ауыстырылады. Бұл — жалған құжаттардан қорғау шаралары. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

← Все новости